Мирзиёев Тоқаевты ҚР Президенті лауазымына кірісуімен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мирзиёев Тоқаевты ҚР Президенті лауазымына кірісуімен құттықтады

Мирзиёев Тоқаевты ҚР Президенті лауазымына кірісуімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті.

  • 21 Наурыз 2019
  • 19
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы BAQ.kz Ақорданың баспасөз қызметінесілтеме жасап хабарлайды.

"Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісуімен құттықтап, оған зор денсаулық, амандық және жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтағаны үшін Өзбекстан Президентіне ризашылық білдіріп, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екі ел халықтарының тату көршілігі мен достығына негізделген стратегиялық серіктестік жалғаса беретініне сенім білдірді", — делінген хабарламада.

Екі ел көшбасшылары бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан мен Өзбекстанның қазіргі қарым-қатынастарын қалыптастыру және оны дамыту жолында ерекше рөл атқарғанын атап өтті.

Телефон арқылы сөйлесуге Өзбекстан жағы бастамашы болды.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті.


Ильхам Әлиев Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісуімен құттықтап, жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтағаны үшін Әзербайжан Президентіне ризашылық білдіріп, Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы өзара ықпалдастықты жан-жақты дамытудың бағыты өзгермейтінін атап өтті.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан мен Әзербайжанның қарым-қатынастарын қалыптастыру және оны нығайту ісінде ерекше рөл атқарғанын атап өтті.

Сондай-ақ, екі ел көшбасшылары бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады.

Телефон арқылы сөйлесуге Әзербайжан жағы бастамашы болды.

Соңғы жаңалықтар