Митинг кезінде 300-ден аса полицей зардап шекті - ІІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Митинг кезінде 300-ден аса полицей зардап шекті - ІІМ

Митинг кезінде 300-ден аса полицей зардап шекті - ІІМ

Қазақстанда митинг кезінде 300-ден аса полицей зардап шекті.

  • 18 Маусым 2019
  • 28
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев үкімет отырысының кулуарында мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"300-ден аса полиция қызметкері дене жарақатын алды, олардың алтауы қазіргі уақытта ауруханада жатыр. Бұл үш тәулікте болған жағдай — 9,10,11 маусым…", — деді Ерлан Тұрғымбаев. Оның айтуынша, тәртіп сақшылары арнайы құралдар қолданбаған. "Сіздер көрген бейне және фотолардан полицейлерге қалай шабуылдағанын, қалқандарды теуіп, жұлқылағанын және ұрып жатқанын көруге болады. Негізінен жеңіл дене жарақаттар. Бұл шамамен 300 адам, оның алтауы әлі ауруханаға жатыр, онда жіліншік сынған, ми жарақаттарын алған. Азаматтар полицияға қарсы таяқпен, тастармен, арматурамен шабуылдап, жағдайды ушықтырып, дене жарақатын салды", — деді ІІМ басшысы. "Президент Бас прокурорға азаматтардың заңсыз ұсталған не дене жарақатын салған деп есептейтін барлық деректер бойынша нұсқау берді… Олар Бас прокуратураға жүгінуге құқылы. Бас прокуратура құқықтық баға береді", — деді Тұрғымбаев.
 

Соңғы жаңалықтар