Митингіге қатысушыларға шетелден нұсқау беріліп отырды - ІІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Митингіге қатысушыларға шетелден нұсқау беріліп отырды - ІІМ

Митингіге қатысушыларға шетелден нұсқау беріліп отырды - ІІМ

 

  • 11 Маусым 2019
  • 111
Фото - Caravan.kz

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев құқық қорғау органдары қызметкерлерінің наразылық акциялары кезінде сабырлылық танытып, арнайы құрылғылар пайдаланбағанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оның айтуынша, Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы митингілер "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (Қазақстанда тыйым салынған экстремистік ұйым — Sputnik) қозғалысының бастамасымен ұйымдастырылды. Ал осы ұйымның жетекшілері азаматтарға шетелден нұсқау беріп отырды.

"Ұйымның белсенділері жаппай үгіт-насихат жүргізді. Әрине, ондай жұмыстар халыққа әсер етпей қоймайды. Соның нәтижесінде адамдар заңсыз митингке шықты. Ал жеке құрам барынша ұстамды болып, араңдатушылық әрекеттерге бой берген жоқ", — деді Қожаев журналистерге берген сұхбатында.

Оның сөзіне қарағанда, митингтер кезінде арнайы-құрал жабдықтар пайдаланылған жоқ. 


"Әрине, біз әлеуметтік желілерге мониторинг жүргіздік. "Қазақстанның демократиялық таңдауының" чаттарын да қарап отырдық. Шетелден түскен нұсқауларға да талдау жасадық. Сондықтан олардың 10-ы күні де көшеге шығатынын білдік. Чаттарда отырған белсенділер сан алуан арандату жолдарын ұсынды. Олар ірі көшелердің қозғалысын жабуға, тіпті, құқық қорғаушыларға қатысты күш қолдануға үндеді", — деп атап көрсетті Қожаев.

Ол сайлау күні ішкі істер органдарының 20 мыңға жуық қызметкері елдегі тәртіпті қамтамасыз еткенін атап өтті. 

 

Соңғы жаңалықтар