"Миттал Стил Темиртау" АҚ көмір департаментінің басшылығы ауысты - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Миттал Стил Темиртау" АҚ көмір департаментінің басшылығы ауысты

"Миттал Стил Темиртау" АҚ көмір департаментінің басшылығы ауысты

ҚАРАҒАНДЫ. 3-қараша. Kazakhstan Today. "Миттал Стил Темиртау" АҚ көмір департаментінің атқарушы директоры ауысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 3 Қараша 2006
  • 441
Фото - Caravan.kz

Көмір департаментінің жаңа жетекшісі Мұрат Перзадаевты бүгін облыс әкіміне «Миттал Стил Темиртау» АҚ-ның бас директоры Нарендра Чаудхари таныстырды.

Мұрат Перзадаев 57 жаста. Кейінгі жылдары ол Рудный қаласындағы «Қарағандыогнеупор» компаниясын басқарған. Ал одан бұрынырақ «Қарағандыкөмір» компаниясының техникалық директоры, Шұбаркөл разрезінің бас директоры болып істеген.

Н.Чаудхари көмір департаментінің атқарушы директоры Григорий Презенттің жұмыстан кету себебін түсіндірді. «Презент 11 жыл жұмыс істеді. Ол білікті маман. Бірақ Ленин атындағы шахтада болған оқиғадан кейін өзін моральдық тұрғыда қолайсыз сезініп, отставкаға кетуге сұранды. Өтініш қабылданды»,- деді Н.Чаудхари.

Облыс әкімі Нұрлан Нығматуллин кеншілердің жаңа жетекшісіне жұмыс істеу жағдайын жақсарту бағытында жұмыс істеу қажеттігін ескертті. «Басымдық берілген мақсат — еліміздегі кен орындарында адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндірмейтіндей ахуал қалыптастыру болып табылады»,- деді әкім.

Қарағанды облысындағы «Миттал Стил Темиртау» АҚ көмір департаментінің қарамағында сегіз шахта бар: Ленин атындағы , Костенко атындағы , Күзембаев атындағы , «Тентек», «Қазақстан», «Шахтинск», «Саран» және «Абай» шахталары. Оларда 21 мыңдай адам жұмыс істейді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта