Миы уланған азаматтары балаға білім берудің орнына, дінді тықпалап әлек - Айгүл Орынбек - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Миы уланған азаматтары балаға білім берудің орнына, дінді тықпалап әлек - Айгүл Орынбек

Миы уланған азаматтары балаға білім берудің орнына, дінді тықпалап әлек - Айгүл Орынбек

Заңгер Айгүл Орынбек мектеп оқушыларының хиджаб киюіне қарсы шықты.

  • 6 Қыркүйек 2019
  • 464
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды.

"Бүгін мектептегі қызыңа орамал таққанды дұрыс деп тапсаң, ертең он жасында тұрмысқа беруді дұрыс деп табасың. Бүгін Бердібек Сапарбаевтың сөзін қолдаймын. Қазақтың қыздары ешқашан тұрмысқа шықпай орамал тақпаған. Шашын өріп, шашбауларын сыңғырлатып ән күй айтып, көкжайлауда билеп өскен. 
Мына қызды әкесі он жасында ерте тұрмысқа берген, екіқабат болып, туа алмай қан кетіп қайтыс болған. Біздің қоғамның миы уланған азаматтары балаға білім берудің орнына, дінді тықпалап әлек! Мен қарсымын мектепте орамал тағуға", — деп жазды ол.

Соңғы жаңалықтар