Оларды Мьянмаға жеткізіп, алаяқтықпен байланысты колл-орталықтарда жұмыс істеуге мәжбүрлеген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандықтардан бөлек Өзбекстанның екі азаматы және Қырғызстаннан сегіз адам осындай жағдайға душар болған. Дипломаттардың көмегімен барлық зардап шеккендерді үйге қайтаруға мүмкіндік туды, деп жазады Өзбекстан Республикасы СІМ жанындағы «Дуне» ақпарат агенттігі.
«Жәбірленушілердің айтуынша, оларға Таиландта жоғары ақыға онлайн жұмыс ұсынылып, әуе билеттері де сатып алынып берілген. Алайда, Таиландқа келгеннен кейін олар Мьянмаға заңсыз жеткізіліп, адам саудасымен айналысатын қылмыстық топтардың қолына өткізілген. Оларды алаяқтықпен байланысты колл-орталықтарда жұмыс істеуге мәжбүрлеген. Заңсыз әрекеттерді орындаудан бас тартқандарға физикалық зорлық-зомбылық пен қоқан-лоққы жасалған. Құлдықтағыларды азат ету және Отанға қайтару үшін үлкен ақшалай қаражат қажет болды», делінген ақпаратта.
Қырғызстанның Таиландтағы дипломатиялық өкілдігінің жоқтығын ескере отырып, Қазақстан мен Өзбекстан дипломаттары қырғыз тарапының өтініші бойынша сол елдің азаматтарының да Отанына оралуын ұйымдастыруға жәрдемдесті.
Мьянма мен Таиландтың құзыретті органдарымен жүргізілген келіссөздерден кейін алаяқтық құрбандары босатылып, Маесот (Тайланд) шекара пунктінде Қазақстан мен Өзбекстан дипломаттарына тапсырылды. 11 сәуірде олар Отанына сәтті оралды.