Ош қалалық ІІБ мәліметінше, 20 маусымда қаладағы демалыс орындарының бірінде үш ер адамның зардап шеккені жайлы мәлімет келіп түскен. Зардап шеккендердің айтуынша, оларды себепсіз ұрып-соққан. Екеуінің жағы сынған, ал үшіншісі жеңіл жарақат алған.
Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Ош қаласының екі тұрғынын ұстады. Тексеріс барысында ұсталғандардың бірінің ІІМ есебінде Ұйымдасқан қылмыстық топтың белсенді мүшесі ретінде тіркелгені анықталды. Ал тағы бір ұсталған ер адам спортшы — ММА аралас жекпе-жегінің шебері болып шықты.
Басылымның мәліметінше, қажетті сараптамалар тағайындалды. "Бұзақылық" бабы қылмыстық іс қозғалды.