Ұлттық банктің дерегінше, 2024 жылдың алғашқы тоқсанында мобильді аударымдар көлемі 30 пайызға азайған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Мәжіліс депутаты Азат Перуашев мобильді аударымдарды бақылау халыққа және шағын бизнес үшін ауыр тиіп отыр. Елімізде ұсынылып отырған жаңа талаптар тым қатаң екенін алға тартты.
Айта кетейік, елімізде мобильді аударымдардың бақылау шегі 255 мың теңгеден аспауы тиіс. Бұл заң нормасы қазір талқылануда. Дегенмен заң нормасы қабылданса, қоғам банк қызметтерінен жаппай бас тартуға дайын.
Депутаттың айтуынша, Ресейде бұл көрсеткіш 1 миллион рубль, яғни 5,5 миллион теңге. Ол бақылауды жеңілдетіп, айлық шекті 1 миллион теңгеге дейін көтеруді ұсынып отыр.
Сондай-ақ депутат шағын бизнесті қысымға алудың орнына оффшорға қаражат шығаратын ірі заңбұзушылықтармен күресу маңыздылығын атап өтті.