Қазір Инвестициялар және даму министрлігі бұл істі сынақтан өткізіп жатыр. Тіпті абонент нөмірлерінің орталықтандырылған деректер базасын құрса, ал байланыс операторлары желілерін жаңартқан. Шенеуніктердің сендіруінше, бұдан адамдар ұтылмайды. Яғни бәсекелестік күшейіп, тілдесу құны арзандамақ. Ең бастысы жұрт Sim картасын ауыстырмай-ақ, кез-келген Қазақстан аумағына таралатын операторға тегін қосыла алады. Ол үшін өтініш жазса жетіп жатыр. Мұндай реформа елімізде алғаш рет жүргізілуде.