Мобиус: жаңа қаржылық дағдарыстың ауылы алыс емес - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мобиус: жаңа қаржылық дағдарыстың ауылы алыс емес

Мобиус: жаңа қаржылық дағдарыстың ауылы алыс емес

Жаңа қаржылық дағдарыстың ауылы алыс емес, өйткені осы жолғы қаржылық сілкіністердің орын алуына ықпал еткен себептер жойылған жоқ, деп санайды Templeton Asset Management жетекшісі Марк Мобиус, оның сөздерін Bloomberg агенттігі келтіріп отыр.

  • 30 Мамыр 2011
  • 420
Фото - Caravan.kz

Сарапшының айтуынша, деривативтердің жиынтықты сомасы әлемдік ІЖӨ асып отыр, бұл құбылмалықты арттырып, қор рыноктарында жаңа дағдарыстың алғышарттарын туғызбақ.

«Дағдарысқа дейінге қарағанда банктер ұлғайды ма? Иә!», деп мәлімдеді М.Мобиус. «Деривативтер ойдағыдай реттеліп отыр ма? Жоқ. Ал деривативтерді сату көлемі артты ма? Иә», деді ол.
2008 жылғы қыркүйектегі қаржылық дағдарыс америкалық рынокта ипотекалық деривативтердің құлдырауынан басталған. Жарты жылда MSCI World индексі 38% құлдырады. Банк жүйелерін сақтап қалу үшін дүниежүзілік ОБ мөлшерлемелерді төмендетуге және экономикаға жүздеген миллиард доллар құюға мәжбүр болды.

Соңғы жаңалықтар