Д.Ахметовтың айтуынша, «Мойнақ Су электр станциясының құрылысын салу туралы мақсатты шешу — отандық су энергетикасы саласын дамытуға жасалған алғашқы қадамдардың бірі болмақ. Ал 2003-жылдың орта шенінен бастап республика үкіметі «Солтүстік-оңтүстік» жүйесінің екінші желісін тарту жобасына екпін түсірді. Таяу уақыттарда үкіметте болатын кеңестердің бірінде бұл желінің құрылысын пәрмендендіруге байланысты мәселе қаралады»,- деді ол.
Үкімет басшысының айтуынша, «Солтүстік-оңтүстік» жүйесінің екінші желісін тарту Алматы облысында су электр станцияларының құрылысын салу жұмыстарымен қатар жүргізілуі тиіс. Еліміздің оңтүстік өңірінде электр қуаты өндірістерін іске қосу арқылы магистральдық жалғастырушы желілерді тарту жұмыстары аяқталады, дейді үкімет басшысы.