Бұл туралы Caravan.kz медиа порталының тілшісі анықтап көрді.
Молда
Абдусаид Төлегеновтың «Молда» фильмі. Басты рөлдерде «Өнер қырандары» әзіл-ысқақ театрының актерлері.
Фильм сипаттамасы:
Өте қатыгез адам бастығының тапсырмасын орындамай сатқын атанып, оны өлтіруге ТМД бандиттері бірікті. Енді ол жасырылу үшін мешітке жасырынады.
Фильм комедия жанрында.
Болмаған балалық шақ
«Болмаған балалық шақ» – танымал ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР «Дарын» жастар сыйлығының иегері Ақберен Елгезектің кейінгі жылдары бестселлерге айналған туындысы «Болмаған балалық шақ» шығармасының желісі бойынша түсірілген драмалық фильм.
Шынайы оқиғаға негізделген бұл туынды балалық шағынан ауыр тағдырдың сынағына түскен кейіпкердің өмірін суреттейді. Басты кейіпкер қиындықтар мен әділетсіздікке қарамастан, өз жолын табуға және адамдық қасиеттерін сақтауға тырысады. Фильм драма жанрында.
Өлілер терлемейді
Режиссер Расул Шарафеддиновтың туындысы. Фильм қара комедия жанрында.

Кімге керексің?
Комедия жанрындағы режиссер Әнуар Мәтжановтың туындысы. Фильмде Шерхан Пірназар, Фариза Ескермес, Әсел Асқар, Нұрболхан Шарапов сынды танымал актерлер ойнайды.
Мистика жанрындағы режиссер Марат Құдайбергенұлының туындысы.