"Мөлдір" әйелдер қауымдастығы "Орталық Азиядағы еңбек көші-қоны : проблемалар және аймақтық ынтымақтастық перспективалары" атты жобаны жүзеге асыра бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мөлдір" әйелдер қауымдастығы "Орталық Азиядағы еңбек көші-қоны : проблемалар және аймақтық ынтымақтастық перспективалары" атты жобаны жүзеге асыра бастады

"Мөлдір" әйелдер қауымдастығы "Орталық Азиядағы еңбек көші-қоны : проблемалар және аймақтық ынтымақтастық перспективалары" атты жобаны жүзеге асыра бастады

Бүгін, 2-наурызда Алматыда "Қазақстандағы еңбек көші-қонының түйткілді тұстары, ағымдар мен келешек" тақырыбында дөңгелек үстел өтті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 2 Наурыз 2004
  • 570
Фото - Caravan.kz

Мұндай шара өткізу туралы бастаманы «Мөлдір» әйелдер қауымдастығы көтеріп, Сорос-Қазақстан қоры мен Алматы қалалық еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту департаментінің қаржылық қолдауымен өткізді.

Шараны өткізудегі мақсат — барлық мүдделі жақтардың назарын Қазақстандағы еңбек көші-қоны проблемасына аудару, еліміздегі көші-қон құбылыстары туралы талқылау, аталмыш проблема бойынша тұрғындардың хабардарлық деңгейін көтеру болмақ.
Дөңгелек үстел барысында көші-қон саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың тиімділігіне және саяси-құқықтық мәселелерге қатысты тақырыптар талқыланды.
«Мөлдір» әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ләззат Ескендірованың айтуынша, «қазір Сорос қорының қолдауымен «Орталық Азиядағы еңбек көші-қоны : проблемалар және аймақтық ынтымақтастық перспективалары» атты әріптестік жоба» жүзеге асырыла бастады. Қазақстан, Тәжікстан және Қырғызстан мемлекеттерін қамтитын бұл жоба осы мәселемен шұғылданатын барлық ұйымдардың басын қосу арқылы еңбек көші-қонына қатысты қиындықтарды шешу жолдарын қарастырады.

Соңғы жаңалықтар