Әнші instagram желісіндегі парақшасында екі дүркін орамалды болғанын хабарлады.
"Ал, халқым! Қасиетті Рамазан айында Алланың қалауымен екі дүркін орамалды болдым! Әлхамдулиллях! Құтты болсын", — деп жазды әнші.
Әуелбекова осы уақытқа дейінгі суреттерін өшіріп тастаған, оған не себеп екені белгісіз.
Бұл жаңалықты естіген желі оқырмандары әнші жарыса құттықтады:
"Орамалыңыз құтты болсын! Ұзағынан сүйіндірсін", "Бақытты болыңыз. Орамалыңыз құтты болсын. Әйел бақытын тілеймін", "Құтты болсын, бағың ашылсын", "Алла бағыңды ашсын", — деп жарыса жазды желі оқырмандары.