Мөлдір Әуелбекова күйеуімен ажырасқанын мәлімдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мөлдір Әуелбекова күйеуімен ажырасқанын мәлімдеді

Мөлдір Әуелбекова күйеуімен ажырасқанын мәлімдеді

Жеке өмірін жасырып келген Мөлдір Әуелбекова алғаш рет күйеуімен ажырасқанын мойындады.

  • 14 Қыркүйек 2018
  • 209
Фото - Caravan.kz

Әртістерге өнер жолы мен отбасын бірге алып жүру оңайға соқпайды. Бұл туралы Қазақстан эстрадасының жұлдыздары жиі айтады. Әсіресе, тұрмыс құрған соң нәзік жанды бикештерге ауыр тиетіні сөзсіз. Мәселен, күні бүгінге дейін жеке өмірін жасырып келген Мөлдір Әуелбекова алғаш рет күйеуімен ажырасқанын мойындады.

Өкінішке қарай, Мөлдір мен Арыстан бүгінде бірге емес. 2015-те шаңырақ көтерген екі жас бір жарым жылдан соң екіге кеткен.

“Қазіргі таңда маған ең көп қойылатын сұрақ, жеке өмірге байланысты. Сіздер ажырастыңыз ба? Ажырасқаныңыз рас па? Бала қайда?” – дейді Мөлдір.

Иә, Әуелбекова жұбайы Арыстанмен ажырасыпты. Баласы бес айға толған шақта отағасы отбасын тастап кеткен көрінеді. Сол уақыттан бері ұлы Салтайды әкесі де, әжесі де іздеп келмеген.

“Ешкіммен кездеспейді. Ешкім де баланы іздемейді. Солай енді басымыздан өтіп жатыр. Енді мен оны не істеймін? Тағдыр болғаннан кейін көнемін. Балам үшін әрі қарай өмір сүремін”, – дейді Әуелбекова.

Бір жарым жыл бойы бұл жаңалықты жария қылмауының себебі де сол. Баласының болашағына алаңдаған ана, жанұясындағы жағдайды жұрттан жасырын ұстап келгенін айтады.


“Бәрібір балаға кесірі тимесе екен деп көбінесе ұлымды уайымдаймын. Оны айтқаннан кейін ғаламтор бар ғой қазір. Ертең бала өскеннен кейін, оны көреді. Неге олай болды деп көңіліне кірбің түседі. Мен қазір отырып алып, ол бүйтті-сүйтті, ол тастап кетті, ол былай болды деп айтып отырғаннан, ешкімнің ештеңесі кетпейді. Ертең тоқ етерінде балам қиналады”, – дейді Мөлдір.

Мөлдір жеке өміріндегі келеңсіздіктен кейін, күйзелісті де бастан кешкен. Бірақ тыңдарманның қолдауы мен өнерге деген құштарлық жас келіншектің жігерін жанши алмапты.

“Көрерменіме айтарым уайымдамаңыздар. Қандай жағдай болмасын мен бақыттымын. Менің ұлым бар, ата-анам қасымда, бауырларым бар”, – дейді Әуелбекова.

Соңғы жаңалықтар