Мөлдір Әуелбекова шәкіртінің фильмнен тапқан табысын қалтаға баспақ па? - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мөлдір Әуелбекова шәкіртінің фильмнен тапқан табысын қалтаға баспақ па?

Мөлдір Әуелбекова шәкіртінің фильмнен тапқан табысын қалтаға баспақ па?

Мөлдір Әуелбекованың шәкірті Салтанат Серкебаева тарихи “Томирис” фильмінде басты рөлді сомдаған болатын. Әдетте продюсерлер өз әртістерін өзге жобаларға жіберген кезде олардың қаламақысын қалтаға басатын. Ал Мөлдір Әуелбекова қайтпек?

  • 11 Қыркүйек 2018
  • 80
Фото - Caravan.kz


Салтанат Серкебаева – Томиристің бойжеткен шағын сомдайды. Бірақ негізгі жұмысы – «Назар» төрттігінде ән салу. Себебі о баста Әуелбековамен келісім-шартқа отырған Салтанаттың одан асып кетуге құқығы жоқ.

“Біз ақшаға келген, гонорарға келген сұрақтардың барлығын әрқашан құпия сақтаймыз. Оны халық та білмей-ақ қойсын”, – деп қаламақы тақырыбын құпияда қалдырды Салтанат.

Жас әнші фильмнен тапқан табысы туралы айтқысы келмегенімен, арадағы сырды Әуелбекованың өзі ашып қойды.
“Негізі продюсерлер өзге жобаларға өзінің қарамағындағы адамдарды жіберген кезде түбегейлік гонарарды өзіне алады. Бірақ мен біреудің ақысын жеуге қақым жоқ деп ойлаймын. Ол өзінің еңбегі. Салтанаттың қазіргі таңда гонорарының жартысы түсті. Бірақ мен оның бір тиынын алған жоқпын. Алатын ойым болған жоқ”, – дейді Мөлдір.

Соңғы жаңалықтар