Мөлдір Әуелбекова - Тамшы әнінің сөзі - kaz.caravan.kz
  • $ 520.93
  • 609.07
+29 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мөлдір Әуелбекова - Тамшы әнінің сөзі

Мөлдір Әуелбекова - Тамшы әнінің сөзі

Кешью тобының экс-мүшесі Мөлдір Әуелбекова тыңдармандарын жаңа әнімен қуантты. Жақында ғана бейнебаянын көпшілікке ұсынған әнші, бүгін тағы да "Тамшы" деп аталатын жаңа әнінің тұсауын кесті.

  • 5 Сәуiр 2020
  • 203
Фото - Caravan.kz

Әні,сөзі: Е.Алданазаров

Жаңбырлы түн мені оятты тамшылар,
Сезім толы жүрегіме ән сыңар.
Тереземе қарап сені ойладым,
Енді маған сенсіз әлем тар шығар.

Қайырмасы:

Тамшы,тамшы, (2 рет)
Сенің нұрлы көзіңдей,
Тамшы, тамшы (2 рет)
Мендік мөлдір сезімдей,
Жүрегімді ұялаған,
Жан жоқ білем өзіңдей.
Саған деген сағынышпен
Таң атырдым көз ілмей.

Сен көрсеттің адаспайтын жол маған,


Тек өзіңмен мәнді енді бұл ғалам.
Қызғанамын көрсетпеймін ешкімге,
Мен ешқашан бұлай ғашық болмағам.
Қайырмасы: