Бұл жайлы әнші Instagram-ның сторисінде жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
“Мен айдан бэнтли бар емес пе? Сомен дтп-ға түсіп қалдым. Алла сақтап дін аманбыз”, — деп жазған әнші кейін көлікті сыйлаған адам көлікті 5 миллион теңгемен бірге қайтаруды талап еткенін жазды.
“Бұл бэнтлиді маған сыйлаған еді. Енді, осы дтп үшін бэнтлиді сыйлаған адам алып қойып, сондай-ақ бамперін жөндеуге 5 000 000 теңге ақша талап етіп отыр. Ужас! Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы”, — деп жазды Мөлдір Әуелбекова.
“Әңгіме бұрынғы күйеуіңіз туралы ма” деген оқырманның сұрағына Мөлдір Әуелбекова “Әрине”, — деп жауап берді.

