Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.
Мөлдір Әуелбекова өзінің жолдасының суретін ешқандай әлеуметтік желіге жарияламайтын. Бірақ кеше әнші өз инстаграм парақшасында:
"Менің қожайынымды яғни Қуанышымды Ишан қайнымның парақшасынан көріп аларсыздар", —деп жазба жүктеп, Мұхтар Ханзаданың парақшасын белгілеп кетті.
Кейіннен бұл жазбасын әнші өшіріп тастағанмен, желіде күйеуі жайлы ақпарат пен суреттер қаптап кетті.
Инстаграмдағы "Qaz.stars" атты парақша мынадай ақпаратты жазып үлгеріпті.
"Құрашев Қуаныш Нұралыұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының вице-президенті – «Теңге ілу» федерациясының президенті қызметіне тағайындалды. Қуаныш Құрашев 1984 жылы 23 қазанда дүниеге келген.
Қазақ мемлекеттік Заң академиясын, Экономика және құқык академиясын, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін, Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Юриспруденция магистрі, заң ғылымының кандидаты.
Еңбек жолын 2003 жылы Алматы қаласында «СловКазстрой» ЖШС бастаған. Әр жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитетінде жауапты қызметтер атқарған.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдігінде жауапты қызметте. Жеке секторда да еңбек тәжірибесі мол." — деген ақпараттар келтірілген.
Жақында ғана жолдасына "Қуанышым" атты су жаңа әнін тарту еткен Әуелбекова қазіргі таңда сахнадан да алыс емес.
ӘНШІНІҢ ЖОЛДАСЫН МЫНА СІЛТЕМЕ АРҚЫЛЫ КӨРЕ АЛАСЫЗДАР: