Молдовада өтетін «Кодры 2011» НАТО оқуларына Қазақстан құтқарушылары да қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Молдовада өтетін «Кодры 2011» НАТО оқуларына Қазақстан құтқарушылары да қатысады

Молдовада өтетін «Кодры 2011» НАТО оқуларына Қазақстан құтқарушылары да қатысады

2011 жылдың 27 тамызы мен 2 қыркүйегі аралығында Молдовада НАТО-ның табиғи апаттардың салдарын жою жөніндегі «Кодры 2011» оқулары өтеді,

  • 14 Шiлде 2011
  • 440
Фото - Caravan.kz

оған 30 елдің, соның ішінде Қазақстанның да құтқарушылары қатысады. Бұл туралы Брюссельдегі НАТО штаб пәтерінде Солтүстікатлантикалық альянс басшысының Орталық Азия және Кавказдағы арнайы өкілі Джеймс Аппатураймен өткен кездесу қорытындысы бойынша ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мәлім етті.

Оның айтуынша НАТО-да өткен кездесулер барысында төтенше жағдайларда әрекет ету, жоспарлау, сондай-ақ бірлескен оқулар жүргізу мәселелері бойынша Солтүстікатлантикалық альянспен ынтымақтастық орнату жайы талқыланды. «Өздеріңіз білетіндей, НАТО желісі бойынша оқулар Қазақстанда өткізілген болатын, биыл ол оқулар Молдовада өтеді. Бұл оқуларға біздің өкілдеріміз ғана емес, қазақстандық құтқарушылар да қатысатын болады», — деді В.Божко.

«Кодры 2011» оқуларына Қазақстаннан 15 маман қатысады.

Оқу сценарийі бойынша 2011 жылдың 25 тамызы күні сағат 4.30-да Румыния тауларында Кишинев қаласынан 225 шақырым жерде 7,5 балдық жер сілкінісі болады. Жер сілкінісінің қуатын бағалағаннан кейін, іздеу-құтқару жұмыстарына Молдованың күші жетпейтіндігі анықталып, НАТО-ның табиғи апаттар мен апаттарда әрекет ету жөніндегі Еуроатлантикалық үйлестіру орталығы арқылы халықаралық көмек сұрату туралы шешім қабылданады. Альянсқа мүше елдер мен әріптес елдердің құтқарушылары жер сілкінісінің салдарын жоюға, үйінділер арасында қалған адамдарды құтқаруға қатысады.

НАТО-ның осындай ірі ауқымды оқулары жыл сайын өтеді. Естеріңізге сала кетейік, 2010 жылы қазақстандық мамандар «Армения — 2010» оқуларына қатысқан.

Ал 2009 жылы Алматы облысында «Жетісу-2009» оқулары өткен болатын.

Соңғы жаңалықтар