Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
“Айтып өлейін” – қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, боямасыз болмысын көрсететін бағдарлама.
Жобаның басты мақсаттарының бірі – елі үшін ерінбей еңбек ететін патриот, ұлт жанашырларын тәрбиелеу.
Біз ешкімнің қара басына күйе жақпаймыз, ұлтқа, дінге, нәсілге бөлінбейміз. Бағдарлама ұжымы үшін біртұтас Қазақстанның тәуелсіздігінің мәңгі болуы маңызды.
Бағдарлама барысында қазіргі жастар танымал тұлғаларды танымайтын болып шықты. Суретте: Бауыржан Момышұлы, Дінмұхаммед Қонаев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов сынды тұлғалар болды.
Өкінішке орай жастарың бірі Әлихан Бөкейханұлын танығанымен, "бұл кісі кім" деген сұраққа "жыршы" деп қана білді.
Тағы бір өкініштісі, өнерде жүрген К. Жолдыбаева, Қайрат Нұртас, Найнти уан-ды ана бұлжытпай таныды.
Құрметті оқырман! Сіз мұндай жағдайға не айтар едіңіз?