Монако Князьдігінің Құрметті консулдығы ҚР Сыртқы істер министрлігіне арқа сүйей алады - Ерлан Ыдырысов - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Монако Князьдігінің Құрметті консулдығы ҚР Сыртқы істер министрлігіне арқа сүйей алады - Ерлан Ыдырысов

Монако Князьдігінің Құрметті консулдығы ҚР Сыртқы істер министрлігіне арқа сүйей алады - Ерлан Ыдырысов

Осыдан тура бір жыл бұрын Монако Князі ІІ Альбердің қатысуымен Қазақстан Республикасының Монакодағы Құрметті консулдығы ашылған болатын.

  • 4 Қараша 2012
  • 381
Фото - Caravan.kz

Биылғы 1 қарашада Монако Князьдігінің ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Эвелин Жанта ханым өз қызметіне кірісті. Енді, міне, біз бүгін Монако Князьдігінің Құрметті консулы басқаратын консулдық мекеменің ашылу салтанатында отырмыз.

Бұл туралы бүгін ҚР-да Монако Князьдігінің Құрметті консулдығының ашылу салтанатында журналистерге сұхбат берген ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов айтты.

«Біздің Құрметті консулдарымыздың бизнес-форумдар мен мәдени шараларды ұйымдастырудағы үлкен еңбектерін атап өтсем деймін. Сондай-ақ, Монако Князьдігінің Құрметті консулдығы ҚР Сыртқы істер министрлігінің қолдауына толығымен арқа сүйеп, екіжақты жобаларды іске асыруға белсене атсалыса алатындығына сендіргім келеді», — деді министр.

Соңғы жаңалықтар