Моңғолия Президенті карантинге алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.66
  • 580.59
+24 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Моңғолия Президенті карантинге алынды

Моңғолия Президенті карантинге алынды

Моңғолия Президенті Халтмаагийн Баттулга мен оның қасындағы шенеуніктер Қытайдан оралғаннан кейін карантинге жіберілді.

  • 28 Ақпан 2020
  • 15
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы 24.kz ақпрарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Президент пен сыртқы істер министрі Дамдиноо Цогтбаатар Баянзурх ауданындағы ауруханаға жатқызылды.

Делегацияның басқа мүшелері Жаргаланттағы шипажайға орналастырылды. Айта кетсек, Моңғолия президенті 27 ақпанға қараған түні Қытайдағы сапарынан оралды.

Сапар барысында ол ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті, сондай-ақ коронавирусқа қарсы күресте қолдау ретінде Қытайға 30 мың қой сыйлады.