Моңғолия прокурорлары қазақстандық әріптестері енгізген инновациялық технологиялармен танысты - kaz.caravan.kz
  • $ 525.87
  • 614.37
+32 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Моңғолия прокурорлары қазақстандық әріптестері енгізген инновациялық технологиялармен танысты

Моңғолия прокурорлары қазақстандық әріптестері енгізген инновациялық технологиялармен танысты

Бүгін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде Моңғолияның Бас прокуратурасы өкілдерімен кездесу өтті.

  • 14 Қаңтар 2013
  • 345
Фото - Caravan.kz

Делегация басшысы Моңғолияның Бас прокуроры Дамбии Дорлигжав жылы қабылдауға алғыс білдіріп, комитетке келу мақсатын айтты.

Комитет төрайымы Сәуле Айтпаева қонақтарды қарсы ала келе Қазақстан Республикасындағы құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының құрылу тарихы мен дамуын қысқаша таныстырып өтті.

Қонақтар комитеттің «Қылмыстар туралы арыздар мен хабарламаларды электронды тіркеу», «Электронды талон», «Электронды арыз беру», «Құқыққорғау және арнайы органдардың ақпараттық алмасу жүйелері», «Айқын» сияқты инновациялық технологияларымен танысты. Сонымен бірге құқықтық ақпараттарды қабылдау, жинақтау мен қалыптастырудың автоматтандырылған жүйесі көрсетілді.