Моңғолия Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне қолдау білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Моңғолия Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне қолдау білдірді

Моңғолия Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне қолдау білдірді

Астана. 8 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Моңғолия Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне қолдау білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 8 Тамыз 2008
  • 987
Фото - Caravan.kz

«Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі Моңғолиямен сауда-экономикалық ынтымақтастықты сапалы түрде дамытуға ықпал ететін болады. Моңғолия Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне қолдау білдіріп отыр»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік сапармен Моңғолияда болған кезде сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Н.Назарбаев Қазақстан мен Моңғолия қарым-қатынасының сындарлы сипатына оң баға берді.

«Біздің мемлекеттеріміздің аймақтық және халықаралық деңгейдегі ортақ мүдделерін ескере отырып, Қазақстан Моңғолиямен көп қырлы және тығыз ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге ниетті», — деп атап көрсетті мемлекет басшысы.

«Өкінішке орай, 2007 жылы елдеріміз арасындағы тауар айналымының көлемі бар-жоғы 36 миллион долларды құрады, бұл — 2006 жылғы көрсеткіштен де төмен», — деді Н.Назарбаев.

Тауар айналымының төмендеуі ортақ шекара мен қолайлы көліктік коммуникациялардың жоқтығына, екі елдің үкіметтері мен іскер топтарының қолда бар экономикалық мүмкіндіктер жөнінде жеткіліксіз хабардар болуына байланысты болып отыр.

Осы орайда, Қазақстан-Моңғолия үкіметаралық комиссиясы жұмысының тиімділігін арттыру, сондай-ақ сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтудің басқа да тетіктерін ынталандыру қажет.

Қазақстан басшысы екі ел экономикасының негізін өндіру саласы мен ауыл шаруашылығы құрайтынын, бұл өз кезегінде, өзара іс-қимыл мен ынтымақтастық үшін тиімді мүмкіндіктер ашатынын атап өтті. Бірлескен кәсіпорындар құру, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өнімдерін өзара жеткізуді жолға қоюдың Қазақстан мен Моңғолия арасындағы ұзақ мерзімді сауда-экономикалық ынтымақтастық салаларына айналуына әбден болады.

Қазақстан екі елдің тікелей инвестициялық қорын құруға үлкен мән береді. Бұл қор бірлескен инвестициялық саясатты жүргізу және аса маңызды жобаларды қаржыландыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Қазіргі кезде Қазақстан Моңғолиядағы қазба байлықтарды барлауға және игеруге мүдделілік танытып отыр.

Мемлекет басшылары бірлескен транзиттік-көліктік әлеуетті дамытуға көңіл аударды.

Қазіргі таңда Моңғолиямен автомобиль қатынасы Қытай мен Ресей аумағы арқылы өтеді және халықаралық келісімдер аясында реттеледі. Бүгінде Семей — Ұлаанбайшинт бағыты бойынша тұрақты автобус қатынасын ашу жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді. Ұланбатыр — Астана (немесе Алматы) және Баян-Өлгей — Астана (немесе Алматы) бағыты бойынша әуе қатынасын ашу мәселесі қарастырылып жатыр.

Моңғолиядағы қазақ диаспорасы екі мемлекетті байланыстыратын екіжақты қарым-қатынастың маңызды факторы болып табылады.

«Бұл біздің елдеріміз арасындағы достық көпірі», — деп атап өтті Н.Назарбаев.

Осы жылдың қазан айында Қазақстанның Моңғолиядағы мәдени күндерін өткізу жоспаланып отыр. Сондай-ақ Ұланбатырда Қазақстанның Мәдениет орталығын ашу мәселесі қаралуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар