Бұл туралы Caravan.kz тілшісі хабарлады.
Алдыңғы күні осы акцияның жалғасып жатқаны жөнінде айтқан едік. Енді оның қалай өткені туралы Caravan.kz тілшісіне «550 тау», «25 тау» жобаларының авторы Монголядағы Халықаралық Спорт шебері Жанарбек Ақыби әңгімелеп берді.
— 2016 жыл бойы Қазақ елі тәуелсіздігінің 25 жылдығын жыл бойы атап өту ұсынылып, әр түрлі игі шаралар атқарыла бастады. Шеттегі ағайын біз де қуанышқа ортақтасуды жөн көрдік, тәуелсіздіктің 25 жылдығы мерейі үшін жақсы бір іс шара жасап, тарту жасағымыз келді, өлкедегі ең биік таулардың 25-іне шығып еңбекпен тарту жасайын деп бекіндім. Менің жобама балаларым да қызықты. Сөйтіп, бірге атқарып шығуға келістік. 25 тау жобасын біз өзіміз қаржыландырып, жыл бойы өткіздік. Осы қарсаңда Тәуелсіздіктің қадір-қасиеті, Азаттық жолында қаншама жандардың мерт болғаны, теңдікті іздеп әлемге шашыраған ұлт екенімізді, ата-баба аңсаған Тәуелсіздік тек 25 жылдың алдында ғана нақты орнап, баянды ел іргесі қаланып жатқанын мұндағы жастарға да айтып түсіндіре жүру басты міндет болды. Сондықтан 25 жылдық Тәуелсіздікке тартуымыз да асқақ, мәрт болсыншы деп өлкеміздегі теңіз деңгейінен 4000 метр жоғары биктегі басы мәңгі мұзарт таулардың барлығына шықтық.
Біз шыққан таулардың ішінде Моңғол-Алтай тау сілемінің Бесбоғда тауының мұзарт бес шыңы Хұйтэн (4374 м), Бүркіт (4200 м), Малшы (4050 м), Күн (4000 м), Достық (4150 м) және ҰЦэнгэл-Хайрхан (3996 м) биік мұзарт шыңдар бар. 3600 метр биікте жатқан мәнгілік өлі Потанин және Александр мұз өзендеріне де арнайы барып фотоға түсірдік. Сонымен бірге Сарымсақты жотасы Бөкен, Мөде жоталарына арнайы шықтық. Біз осы жобамыздың соңғы 25-ші тауына «Қазақстан» ұлттық арнасының тілшілері Берік Көшербай мен Ермек арнайы келіп түсірілім жасап, екі елдің азаматтары биіктігі 4200 метр болатын Цамбыгарав тауын бағындырдық. 25-ші тауға 25 адам апаруды қаржыландырған Аймақтық құрылтай төрағасы Бауыржан Дәлел өзі де бізбен бірге Цамбыгарав мұзына аяқ ізін қалдырса, Аймақ әкімі Ғылымхан Аюпұлы да тауға барып, ақ тілегін жолдады.
Жалпы, тауларға шығу барысында жас таушы Ж.Нұрбек бір өзі биік мұзарттан 12 тауға шығып үлес қосса, Ж.Сұнқар биік жоталардың алтауына шығып еңбегін арнады. Бұл жобаға қатысқандардың ең үлкені 60 жаста болса ең кішкенелері 7 жастағы Дегдар Бауыржанұлы және 5 жастағы Ж.Әлихандар да жобаның сәтті аяқталуына атсалысты.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына 25 таумен тарту
10- тау.Қаратау шоқысы 2500 м.Әлихан. (Тәуелсіздіктің 25 жылдығына 25 таумен тарту жобасы)
Posted by Тәуелсіздіктің 25 жылдығына 25 таумен тарту on Thursday, October 6, 2016