Моңғолияда Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жылдар мен ойлар» кітабының тұсаукесері өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Моңғолияда Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жылдар мен ойлар» кітабының тұсаукесері өтті

Моңғолияда Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жылдар мен ойлар» кітабының тұсаукесері өтті

30 маусымда Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшілігі Моңғолия ғылым академиясымен бірлесе отырып,

  • 3 Шiлде 2015
  • 652
Фото - Caravan.kz

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың моңғол тіліне аударылған «Жылдар мен ойлар» кітабының тұсаукесерін өткізді.

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Іс-шараға Моңғолия Парламенті депутаттары, министрліктер және жергілікті ведомстволар, дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдар өкілдері, қазақ диаспорасы, сондай-ақ ғылыми және іскер топтардың өкілдері қатысты. 

Өз сөзінде Елші Қалыбек Қобландин кітапта Қазақстан Республикасы Президентінің сөйлеген сөздері, мақалалары және баяндамаларынан үзінділер мен ойлары жинақталып, олар тек мемлекеттік қайраткер мен саясаткердің дүниетанымын ашып қана қоймай, Қазақстанның қазіргі бейнесін бүтіндей ашады деген пікірімен бөлісті.

Моңғолия ғылым академиясының президенті, академик Батболдын Энхтувшин Қазақстан Республикасы басшысының саяси, ғылыми және публицистикалық шығармаларына сараптама негізінде жарық көрген кітаптың әлеуметтік маңызы зор және ол ғылыми-ағартушылық, тәрбиелік мәнге ие екеніне ерекше көңіл бөлді. 

Моңғолияның бірінші Президенті Пунсалмаагийн Очирбат іс-шара барысында сөз сөйлеп, Н. Назарбаевтың елдің дамуындағы рөлін жоғары бағалады. Оның пікірінше, Қазақстанның соңғы жылдардағы жетістіктері Елбасының сарабдал саясаты мен тәжірибесінің арқасында болған.


Өз кезегінде Моңғолия Ұлы Мемлекеттік Хуралы (Парламенті) Мемлекеттік құрылым жөніндегі комитетінің төрағасы Ағыпар Бәкей шығармашылық еңбек мемлекет басшысының қиын әрі сан-салалы қызметін толығымен сипаттайды деп атап өтті.

Перейти к новостям спорта