Моңғолиядағы қазақ журналисі: Жолдау – ел саясатының моделі - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Моңғолиядағы қазақ журналисі: Жолдау – ел саясатының моделі

Моңғолиядағы қазақ журналисі: Жолдау – ел саясатының моделі

Елбасы Жолдауына шетелдегі қандастар да өз ой-пікірлерін білдіріп жатыр.

  • 11 Қаңтар 2018
  • 182
Фото - Caravan.kz

Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында тұратын жас журналист Нұрболат Өнерханұлы Елбасы бұл реткі Жолдауы арқылы Қазақстанның дамушы елден дамыған елге, тұтынушы елден өнеркәсіпті, экспорттаушы елге айналуының алғышарттарын саралап берді деген пікір айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел халқына өзінің кезекті Жолдауын жариялады. Өз басым мұны замана көшінің беталысын, уақыт тынысын сезіне білетін ұлт көшбасшысының айқындап берген алдағы бір жыл уақыт бойы ұстанатын ел саясатының моделі деп қабылдадым» — дейді жас журналист.

Оның айтуына қарағанда, Қазақстан Президентінің цифрлық жүйені дамытуды алға тартып отырғаны заман талабынан туындаған мәселе.

«Әр түрлі факторларға байланысты әлемдік экономика жаппай тоқырау, құлдырау кезеңін бастан кешіріп отырған қазіргі таңда Қазақ елінің экономикалық өсімі тұрақты, қарқыны бәсеңдемей келе жатқаны қуантады. Дағдарысты – тың мүмкіндік деп есептеген Елбасы бұл реткі Жолдауы арқылы Қазақстанның дамушы елден дамыған елге, тұтынушы елден өнеркәсібі өскен, экспорттаушы елге айналуының алғышарттарын саралап берді. Жолдаудың «Төртінші өнеркәсіптік революция деп аталуының мәні осында. Сонымен бірге, тарихи құжатта айтылған смарт технологияларды өнеркәсіпке енгізу – еңбек өнімділігі мен сапаны арттырып, әлемнің озық отыз елінің қатарына кіруге деген ұмтылысты нақтырай түсері анық» — дейді Нұрболат Өнерханұлы.

Сонымен қатар Нұрболат Өнерханұлы Қазақстанның әлемдік дағдарысқа қарамастан әлеуметтік жәрдемақыларды, зейнетақыны ұлғайтып отырғанын жоғары бағалады.


«Бүгінгі таңда әр мемлекет жаһандық экономикалық дағдарысты әр түрлі жолмен еңсеруге тырысып жатыр. Біразы бюжетін қысқартып, салық түрлерін арттырды, енді біреулері шетелдердің, халықаралық қаржы ұйымдарының несиесіне жүгінді. Ал, Қазақстанның мұндай кезеңде жұмыс орындарын сақтап қалып, керісінше еңбекақы мен зейнетақыны, әлеуметтік жәрдемақыларды молайтуы таң қаларлық нәтиже. Дағдарыстан қыруар қаржымен емес салиқалы саясат, береке бірлік арқылы сытылып шығуға болатынын дәлелдеді. Мақсаты айқын, бірлігі бекем елдің болашағы жарқын. Қазақстандықтарға сәттілік тілеймін» — деді сөз соңында Нұрболат Өнерханұлы.

Соңғы жаңалықтар