Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Liter.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Куәгерлер түсірген видеода ноутбук, монитор, сымдар, түрлі техникалық аксессуарлардың терезеден жерге құлағанын көруге болады. Әйел адамның айқайлағаны естіледі.
Оқиға орнына медициналық бригада, ТЖД қызметі және полиция келді.
Астана қаласының полиция департаменті 3 шілдеде 102-арнаға тұрғын үйдің жоғарғы қабатының терезесінен тұрмыстық заттар лақтырылып, мейрамхананың мүлкіне зиян келтірілгені туралы хабарлама келіп түскенін растады.
Бұл факт бойынша 25 жастағы қыз анықталып, тексеруден кейін қалалық психикалық денсаулық орталығының жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Медициналық тексеруден кейін құқықтық баға беріледі, — делінген хабарламада.