Монополияға қарсы күрес мекемесі "Эйр Астана" ЖАҚ мен туристік агенттіктер арасындағы халықаралық рейстердің билеттерін сату жөніндегі келісімнің күшін жойды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
-18 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Монополияға қарсы күрес мекемесі "Эйр Астана" ЖАҚ мен туристік агенттіктер арасындағы халықаралық рейстердің билеттерін сату жөніндегі келісімнің күшін жойды

Монополияға қарсы күрес мекемесі "Эйр Астана" ЖАҚ мен туристік агенттіктер арасындағы халықаралық рейстердің билеттерін сату жөніндегі келісімнің күшін жойды

ҚР табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Агенттігі "Эйр Астана" ЖАҚ мен "Гүлнар Тур" және "Әлия Стар" туристік агенттіктері арасындағы әуе компаниясы жүзеге асыратын халықаралық рейстердің билеттерін сату жөніндегі келісімнің күшін жою туралы шешім шығарды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне туристік ұйымдардың Алматы қалалық қауымдастығынан хабарлады.

  • 3 Маусым 2004
  • 558
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ, монополияға қарсы күрес мекемесінің шешімімен 4-маусымнан бастап «Эйр Астана» ЖАҚ билет сату жөнінде барлық туристік агенттіктермен келісім-шарт жасасуға дайын екенін мәлімдеп ресми хабарлама таратуы тиіс. Сол арқылы «Эйр Астана» ЖАҚ-ның қызметін тұтынушыларға бірдей жағдай жасалады.

Сонымен қатар ҚР азаматтық авиация комитеті тарапынан Анталья, Бодрум, Даламан, Измир, Стамбул бағытындағы халықаралық әуе тасымалын жүзеге асыру құқығын бір ғана «Эйр Астана» ЖАҚ-на беруінің қаншалықты заңды екендігіне қатысты тексеру жұмыстары жалғасуда.