Монополиялық үстемдікпен күрес агенттігі мұнай өнімдері қамтамасыздығымен айналысатын бірқатар компанияларды сотта жеңіп шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Монополиялық үстемдікпен күрес агенттігі мұнай өнімдері қамтамасыздығымен айналысатын бірқатар компанияларды сотта жеңіп шықты

Монополиялық үстемдікпен күрес агенттігі мұнай өнімдері қамтамасыздығымен айналысатын бірқатар компанияларды сотта жеңіп шықты

ҚР табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің "Жанармай Саудасы" ЖШС, "Қызылорда Мұнай Сервис" ЖШС, "Шығыс Мұнай ЛТД" ЖШС, "Эл-Мұнай" ЖШС, "Мұнай Сауда Ойл" ЖШС, "Петролеум Кантри" ЖШС, "Карнефтехим" ЖШС тәрізді компаниялардың үстінен түсірген шағымын сот қанағаттандырды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне агенттіктің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 17 Ақпан 2004
  • 618
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Петро Казахстан Ойл Продактс» ААҚ-ның іс-қызметіне 2003-жылғы күзде антимонополиялық мекеме тарапынан жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша, дайын мұнай өнімдерінің басым бөлігі Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Алматы, Қызылорда, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Астана және Алматы қалаларында мұнай өнімдерінің көтерме саудасымен айналысатын 12 компанияға сатылатындығы анықталды.

«Аталмыш серіктестіктердің өзара ымыраластықпен жасалған қитұрқы әрекеттері тауар нарығындағы кері әсерлерге, нақтырақ айтсақ, бағаның 30-60 процентке қымбаттауына апарып соқты. Сөйтіп, серіктестіктердің бағаны бірқалыпты ұстап тұруға бағытталған әрекеті нарықтағы бәсекелестікті шектеп, монополиялық іс-әрекет сипатына ие болды. Ал «Бәсекелестік туралы және монополиялық іс-қызметті шектеу туралы» ҚР заңының 14-бабының 1-тармағы бойынша мұндай қитұрқылыққа тыйым салынған»,- дейді баспасөз қызметіндегілер.
2003-жылдың желтоқсан айында агенттік жоғарыда аталған серіктестіктердің атына біртұтас баға белгілеуге бағытталған өзара ымыралы әрекеттерді доғару, монополияға қарсы күрес заңын бұзу нәтижесінде тапқан 13 млрд. теңге көлеміндегі монополиялық кірісті республикалық бюджетке аудару қажеттігі туралы нұсқау жолдады.
Алайда, серіктестіктер агенттіктің бұл нұсқауына қарсы Астана қалалық сотына арызданған болатын. Агенттік өз тарапынан берілген нұсқауды толық көлемде орындау туралы жауап-шағым түсіріп, оны сот қанағаттандырды.

Соңғы жаңалықтар