Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мәліметінше, жыл басынан бері «А» санаты бойынша 1297 адам теориялық емтиханды сәтті тапсырса, тағы 1056 адам одан өте аламаған.
«А1» санаты бойынша 603 адам емтиханнан өтсе, 592 кандидат тестілеуден құлаған.
Ескерту: «A1» санаты қозғалтқыш көлемі 125 текше сантиметрге дейінгі мотоциклдерді басқаруға мүмкіндік береді, ал «A» санаты одан да қуатты мотоциклдерді басқаруға мүмкіндік береді.
Осылайша, қазақстандықтардың жартысына жуығы теориялық емтиханды бірінші реттен тапсыра алмай қалған.
Сондай-ақ біз қанша адамның емтихан кезегін күтіп тұрғанын білуге тырыстық. Алайда мемлекеттік корпорация өкілдері теориялық емтиханға жазылу ортақ екенін және нақты санатты көрсетуді талап етпейтінін түсіндірді.
«Осыған байланысты «А» және «А1″ санаттары бойынша теориялық емтиханды күтіп жүрген адамдардың саны туралы ақпарат беру мүмкін емес», — деп хабарлады ведомство.
Еске сала кетейік, 2025 жылғы 5 сәуірден бастап Қазақстанда мопед жүргізушілері механикалық көлік құралдарының жүргізушілерімен бірдей жауапкершілікке тартылады.
Енді мопед айдау үшін жүргізуші куәлігі болуы шарт. Сонымен қатар көлік құралы тіркеліп, мемлекеттік нөмір алуы тиіс.