Мораторий мерзімінде шағын бизнес субьектілеріне жүргізілген тексерулер саны 42 процентке қысқарды - Қазақстан кәсіпкерлері форумының төрағасы - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мораторий мерзімінде шағын бизнес субьектілеріне  жүргізілген тексерулер саны 42 процентке қысқарды - Қазақстан кәсіпкерлері форумының төрағасы

Мораторий мерзімінде шағын бизнес субьектілеріне жүргізілген тексерулер саны 42 процентке қысқарды - Қазақстан кәсіпкерлері форумының төрағасы

Мораторий мерзімінде шағын бизнес субьектілеріне жүргізілген тексерулер саны 42 процентке қысқарды. Бүгін, 31-қазанда Астанада Қазақстан кәсіпкерлерінің 11-форумында сөз сөйлеген бас қосудың төрағасы Райымбек Баталов осындай мәліметтер келтірді.

  • 31 Қазан 2003
  • 376
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ, Р.Баталовтың айтуынша, мораторий мерзімінде ресми түрде тіркелген кәсіпкерлер саны бірнеше есе өскен. Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы төрағасының пікірінше, бұл — шағын және орта бизнестің көлеңкеден шығып, жариялылыққа ден қою процессін айғақтаса керек.

«Салық түсімдерінің артуы- мемлекеттік тексеруші әрі қадағалаушы мекемелер тексерулер санын арттырмай-ақ, өз функциясын тиісті деңгейде атқара алады дегенді паш етті»,- деді Р.Баталов . Ол сондай-ақ, «мемлекеттік мекемелердің бақылаушылық функциясын оңтайландыруда, тексерулерді реттеуде, қарым-қатынастың дәл осы саласындағы мекемелік нормативтік реттеудегі ақтаңдақтарды жоюда орасан зор резервтер жатқанын бұл жолғы мораторий тағы бір дәлелдеді»,- деген пікір білдірді.
Р.Баталовтың пікірінше, республикадағы бақылаушы мекемелер саны жыл сайын арта түсуде. Ал кәсіпкерлердің бағалауынша, бұл санды азайту қажет. Кәсіпкерлер форумы төрағасының айтуынша, «бұл қысқартудан үнемделген қаржыны аталмыш органдарды техникалық жарақтауға, жұмысын автоматтандыруға және қызмектерлер жалақысын коммерциялық құрылымдар деңгейіне дейін арттыру мақсатына жұмсауға болар еді».
Мұндай оңтайландыру бақылаушы мекемелерде жұмыс істейтін лауазым иелерінің заңсыз әрекеті үшін жүктейтін жаупкершілігін арттыру процессімен ілесе жүрілуі тиіс,- деді Р.Баталов. Ол «шенеуніктердің жауапкершілік дәрежесі кәсіпкерлер жүктейтін жауапкершілікпен парапар болуы тиіс»,- деп атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар