Морган Фриман қазақстандық режиссердің фильміне түседі - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Морган Фриман қазақстандық режиссердің фильміне түседі

Морган Фриман қазақстандық режиссердің фильміне түседі

Америкалық актер әрі режиссер, Оскар сыйлығының лауреаты Морган Фриманның елеулі екі жобаға қатысатыны белгілі болды.

  • 19 Қыркүйек 2014
  • 411
Фото - Caravan.kz

Атақты актер қазақстандық режиссер Тимур Бекмамбетовтың «Бен-Гур» («Ben-Hur») ауқымды жобасына қосылды. Ол басты кейіпкердің ұстазының рөлін сомдамақ.

Осыған дейін бұл фильмдегі басты рөлде Том Хиддлстон ойнайды деп айтылған болатын. Картинаның премьерасы 2016 жылы ақпанға жоспарланған.

Сондай-ақ Фриман «Тед» комедиясының екінші бөліміне шақырту алыпты. Ол азаматтық құқықтарды қорғаумен айналысатын заңгерді сомдамақ. Сет МакФарлейннің жобасына одан басқа Марк Уолберг, Аманда Сайфред түсетіні белгілі. Ойыншық аюды режиссердің өзі дыбыстайды. Фильм 2015 жылғы 26 маусымда жарық көреді деп жоспарланған, деп хабарлайды kinostan.kz.



Перейти к новостям спорта