«Московский комсомолец в Казахстане» газетінің меншік иесі мен бас редакторы ауысты - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Московский комсомолец в Казахстане» газетінің меншік иесі мен бас редакторы ауысты

«Московский комсомолец в Казахстане» газетінің меншік иесі мен бас редакторы ауысты

«Московский комсомолец в Казахстане» газетінің меншік иесі мен бас редакторы ауысты, деп агенттікке ақпаратқа қанық дереккөз хабарлады.

  • 24 Маусым 2011
  • 585
Фото - Caravan.kz

Ондағы бар мәліметтер бойынша, басылымның жаңа меншік иелері ENRC корпорациясының ірі акционерлерінің бірі Александр Машкеевичтің ықпалындағы тұлғалар болыпты. Басылымның бас редакторы шілденің басынан бастап Әділхан Нүсіпов болатын болды.«Московский комсомолец» газеті «Экспресс-К» газетінің базасында басылып шығады, дейді сұхбатшымыз.

Ал Ә. Нүсіповтың өзі болса, агенттікке жаңа тағайындаулар туралы айту «ертерек» деп отыр. «Маған осындай ұсыныс айтылды, бірақ мен әлі бас редактор болып тағайындалған жоқпын», — деді ол.

Осыған байланысты Ә. Нүсіпов «Московский комсомолецтің» редакциялық саясатындағы мүмкін боларлық өзгерістер туралы айтпады. «Мен шілденің басында бәрі шешіледі деп ойлаймын», — деді ол

Бұрындары Ә. Нүсіпов «Экспрес-К» газетінің бас редакторы болған, соңғы кездері бас директордың бастық орынбасары, аталған басылымның Алматыдағы тілшілер қосынының жетекшісі қызметін атқарды.

Соңғы жаңалықтар