Дәл қазір Шонжы қаласында МС Сайлаубек басты рөлді сомдайтын қысқаметражды фильм түсіріліп жатыр екен. Комедия жанрындағы фильмге Қайрат Нұртастың да егізі түспек. Ал әлеуметтік желілерге жарияланып кеткен видео аталған фильмнің бір үзіндісі ғана екен.
Видеоны көрген желі қолданушыларының бірі “Бұл Қайрат Нұртасқа вызов па?”, “Енді МС Сайлаубек Қайрат Нұртасты ешек қылып жүр ғой”, “Дым жараспайды”, “Мынау Қайрат Нұртастың өзі ме?” сынды пікір білдірген. Ал бұл видеодан Қайраттың хабардар екені әзірге белгісіз.