МС Сайлаубектің есімі қазақ тілі кітабына енуі көпшіліктің ашу-ызасын туғызды, деп хабарлады Caravan.kz медиа-порталы.
Авторлары Қазбек Сағидолда мен Серікболсын Дүйсембай деп көрсетілген көпшілікке арналған қазақ тілі кітабында МС Сайлаубектің «Айтуға оңай», «Пусть говорят» телебағдарламалары арқылы танылғаны айтылады. Бұған қоса оның жасы, қай жердің тумасы екені егжей-тегжейлі жазылыпты.
Ал соңында МС Сайлаубекті жұлдыз болуына не әсер етті деп сұрақ қойылады.
Мұны көрген көпшілік сурет фотошоп деп сенімсіздік танытса, бірқатары кітапқа енген осындай мысалдардан соң елдің болашағына күмән келтіре бастаған.