Мүбарак Мысырды басқарған 30 жылдың ішінде 185 миллиард долларды қалтасына басқан
Мысырдың бұрынғы президенті Хосни Мүбарак елді басқарған 30 жылдың ішінде 185 миллиард доллар қаржыны қалтасына басқан. Бүгін Каирде Экономикалық ғылыми орталықтың жария етілген зерттеуінде осындай мәлімет келтіріліп отыр, |
деп хабарлайды Utro.ru сайты.
Аудиторлардың бағалауынша, экс-президент АҚШ, Жапония және бірқатар араб елдері елдің мұқтаждығына бөлген қаржының 90 пайыз дерлігін қымқырған.
Ақпан айында халық толқулары кезінде тағынан түскен Хосни Мүбарак қазір тергеліп жатыр. Оның ұлдары мен елдің бұрынғы министрлер кабинеті де тергелуде.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін