Мүфтият "полицияның қабірді рұқсатсыз қазып алуына болады" деген пәтуа шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мүфтият "полицияның қабірді рұқсатсыз қазып алуына болады" деген пәтуа шығарды

Мүфтият "полицияның қабірді рұқсатсыз қазып алуына болады" деген пәтуа шығарды

Мүфтият "полицияның қабірді рұқсатсыз қазып алуына болады" деген пәтуа шығарды. 

  • 28 Қаңтар 2022
  • 6564
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы Ораз Әлімбековтың фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Мүфтият қазаққа қарсы жасалып жатқан қылмысты жасыруға кірісті.

Мүфтият мүрдені қазып алып, "20 мың терроршының" санатына қосып, санын толтыруды көздейтін жауыздардың ісін қолдап шықты. "Полицияның қабірді рұқсатсыз қазып алуына болады" деген пәтуа шығарды. Ал, керек болса?!

"Мүфтиятты реформалау керек, ол үшін мынау бас мүфтиді құрту керек" десем, шаян шаққандай баж етіп, өре түрегелесіңдер, достар. Міне, енді не болғанын көріңдер.

Жан-жақты зерттеудің алдын ала жасалған болжамы бойынша, Бас мүфти "Қаңтар қырғынының" болатынын білді. Қазақстанның оңтүстігі қанға бүгіп жатқанда оның Дубайда болғаны анық. Оның "Қаңтар қырғына" операциясына өз "үлесін" қосқанын дәлелдеу қиын болып тұр, бірақ, ол құпия операциядан хабардар болды, біле тұра үндемеді, аңысын аңдып Дубайда жатты.

Әрине, дәл қазір түбегейлі саяси реформа керек. Бірақ, діни салаға да түбегейлі реформа жасамай, Қазақстан жаңармайды. Ескі, әбден іріп-шіріген, жидіп сасып жатқан мынау жүйені өзгерту керек. Ол үшін Елбасы режимін ғана емес, Дінбасы Наурызбай режимінің күлталқанын шығару керек. Менің Наурызбай Тағанұлына ( немесе Ниязұлына) шүйліге беруімнің себебі осы", деп жазды ол. 


Естеріңізге сала кетейік, полиция қызметкерлерінің өлген адамды көрден қазып алып кеткендігі жайлы жазған болатынбыз.