Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Мұғалім баланы бормен ұрса басы бәлеге қалатын заманда, әрине, сол балалар әскерге барғанда ерегісіп, еңіреп, жылап, арты трагедияға ұласады…
Баланы әздектететін, шолжаңдататын, мұғалімді «чмо» қылатын заңдарды қабылдағандар кімдер? Әрине, қазақ қоғамының бір-біріне деген жек көрушілігі асқынғанын қалайтын, қазақ ұлты жойылғанын қалайтын, батысқа еліктегіш-солықтағыш сауатсыз мәңгүрттер билігі…
Тәртіпке бағынған құл болмайды.
Әділеттілік сезімі, үлкенді сыйлау, мұғалімді құрметтеу — балаға ерте кезден егілуі тиіс екпе», — деп жазды журналист.
Естеріңізге сала кетейік, желіде оқушысы тыңдамай, оған бор лақтырған мұғалім туралы оның әріптесі айтқан еді.