"Мұғалімдер хайп қуып жүр ме?": Қапшағайда педагог костюммен шомылып жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мұғалімдер хайп қуып жүр ме?": Қапшағайда педагог костюммен шомылып жүр

"Мұғалімдер хайп қуып жүр ме?": Қапшағайда педагог костюммен шомылып жүр

Педагогтар бүкіл қоғамның назарында.

  • 26 Шiлде
  • 20
Фото: видеодан алынған

Ол бұл әрекетін «мен педагогпін, маған купальникпен шомылуға болмайды» деп түсіндірді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Мен Қапшағайда жүрмін. Мен – педагогпін. Маған купальникпен шомылуға болмайды. Мен кастюммен түстім. Мен ешқашан өзімнің педагок екенімді ұмытпауым қажет. Мен қай жерде болсам да – педагогпын!», – дейді ол.

Ұқсас видеолар көрші елдерде де пайда болды. Орыс азаматы әлеуметтік желіде суға костюммен түсіп, педагогтарға купальник киюге болмайды деп айтқан. Ол көп қаралып жинады.

Оған не себеп?

Естеріңізде болса, биыл қыста екі Қызылордалық мұғалім Түркияға қысқы демалысқа барған. Трансвеститтерге арналған түнгі клубқа барған сәттерін видеоға түсіріп, жеке парақшаларына салған. Оны көрген ата-аналар шу шығарып, наразылық білдірген. Нәтижесінде олар жұмыстан қуылды. Құқығымыз бұзылды деп екі педагог мектеп директорын сотқа берген. Алайда олар сотта жеңіліс тапты.

Бұл шешімді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов былай деп түсіндірді:

«Құрметті педагогтер!

«Педагог мәртебесі туралы» Заң педагог мәртебесін бекітіп, педагогтің құқықтарын, әлеуметтік кепілдіктері мен шектеулерін, міндеттері мен жауапкершілігін белгіледі.

Министрліктің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығымен бекітілген Педагогикалық әдеп ережелерін әрбір мұғалім ұстануы тиіс. Қағидаларға сәйкес мұғалімдер қызметтік және қызметтік емес уақытта 7 қағидат пен 19 мінез-құлық нормасын сақтауға міндетті.

Күнделікті қарым-қатынаста әдеп нормаларын сақтау мұғалімдер үшін үйреншікті әдетке айналуы тиіс. Өкінішке орай, ғаламторда мұғалімдердің аталған принциптерді сақтамайтындығы туралы ақпарат шығып тұрады.

Қысқы демалыс уақытында Түркияның түнгі клубтарының бірінде қыдырып жүрген Қызылорда облысының екі мұғалімінің әлеуметтік желілердегі жарияланымдары ата-аналар қауымының наразылығын тудырды. Педагогтер жұмыстан босатылды».

Яғни, педагог әрқашан өзінің статусы туралы ұмытпауы керек, тіпті заңды демалыста жүрсе де.

Бұл видеоны көрген әлеуметтік желі қолданушылардың пікірі сан түрлі. “Бұл былтырғы Түркияның түнгі клубына барған мұғалімдерді қолдау акциясы ма?”, “Педагогтарда ойын күлкімен өмір сүруге хұқылы.” т.б. қатарлы түрлі ойлар жазылып жатыр.

Сіздер қалай ойлайсыздар? Ұстаздар қауымы қарапайым адамдар сияқты алаңдамай демалуға құқылы ма? Әлде әрқашан әр бір қадамын бақылап жүру керек пе?