Мүгедек арбасына таңылған бишілер «МУЗ-ТВ» жүргізушілері алдында өнер көрсетті - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мүгедек арбасына таңылған бишілер «МУЗ-ТВ» жүргізушілері алдында өнер көрсетті

Мүгедек арбасына таңылған бишілер «МУЗ-ТВ» жүргізушілері алдында өнер көрсетті

Астанада «Хан Шатыр» сауда орталығында ресейлік және қазақстандық эстрада жұлдыздары мен

  • 4 Маусым 2015
  • 680
Фото - Caravan.kz

Х республикалық «BI Жұлдызай» балалар шығармашылығы байқауының жеңімпаздары бірлесіп концерт ұйымдастырды. 

Концертті «МУЗ-ТВ» арнасының жүргізушілері Артем Шалимов пен Рита Че жүргізді. Сахнаға «BI Жұлдызай» байқауына қатысқандар — «Ым-ишаратпен орындау» аталымының жеңімпазы Лемыс Дархан, байқау лауреаты Құрал Бақдәулет, «Хореография» аталымының жеңімпаздары Ахмет Асхат пен Жайна Шыршықбаева шықты. Олардың мүгедектерге арналған арбада отырып билегендері ресейлік жүргізушілерді таңқалдырды. Сонымен қатар, сахнада қазақстандық әншілер Ринат Малцагов, «Орда» тобы, скрипкашы Нина, ресейлік «Бандэрос» тобы өнер көрсетті.


Еске сала кетейік, бүгін қалада ресейлік жұлдыздардың қатысуымен мүмкіндігі шектеулі балалар, балалар үйі мен аз қамтылған жанұялардың балалары үшін бірқатар қайырымдылық шаралары өтіп жатыр. Ресейлік жұлдыздар ертең, 5 маусымда Астанадағы «Астана Арена» стадионында өтетін «МУЗ-ТВ. Гравитация» шарасына қатысу үшін келді.

Қайырымдылық шарасына барлығы 500-ден астам адам қатысты.

Қайырымдылық акциясына қатысатын барлық балалар «МУЗ-ТВ» Гравитация» концертіне де қатысады. 

Перейти к новостям спорта