Мүгедектерді қорғау жөніндегі халықарлық жыл аясында Қазақтанда осындай ғаріп жандарға жеткілікті көңіл бөлінген жоқ - қоғамдық ұйымдар - kaz.caravan.kz
  • $ 472.62
  • 513.22
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мүгедектерді қорғау жөніндегі халықарлық жыл аясында Қазақтанда осындай ғаріп жандарға жеткілікті көңіл бөлінген жоқ - қоғамдық ұйымдар

Мүгедектерді қорғау жөніндегі халықарлық жыл аясында Қазақтанда осындай ғаріп жандарға жеткілікті көңіл бөлінген жоқ - қоғамдық ұйымдар

Мүгедектерді қорғау жөніндегі халықарлық жыл аясында Қазақтанда осындай ғаріп жандарға жеткілікті көңіл бөлінген жоқ. Бүгін, 3-желтоқсанда Алматыда өткен баспасөз мәслихатына қатысушы мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 3 Желтоқсан 2003
  • 583
Фото - Caravan.kz

Жоғары білімі бар мүгедектердің «Намыс» атты қоғамының төрағасы Қайрат Иманалиевтің айтуынша, еліміздегі мүгедектер «биыл зейнетақының өсуінен үміттенген». Алайда, тек зейнеткерлердің ғана зейнетақысы өсіріліп, мүгедектік жәрдемақысы сол күйінде қалды. «Біздің жәрдемақымыз республикада қабылданған айлық есеп көрсеткішіне таңулы». Қ.Иманалиевтің айтуынша, қазір мүгедектер 6 мың теңге зейнетақы алса, мүгедек балаларға арналған жәрдемақы 3 мың теңге шамасында. «Бұл қаржының қандай жыртықты жамауға да жеткіліксіз екенін әркім түсінеді»,- деді ол.

Мүгедек балалары бар ата-аналардың «АРДИ» қауымдастығының төрайымы Әсия Ахтанованың атап көрсетуінше, соңғы жылдарда мүгедектерге бір мәрте ғана ауқымды көмек көрсетіліп, Алматыдағы аяқжолдар мүгедектік арбаларының жүруіне қолайлы арнайы пандустармен жабдықталды. Алайда, Ә.Ахтанованың айтуынша, мемлекет мүгедектерді назардан тыс қалдыру үрдісінен күні бүгінге дейін айнымай отыр.
Атап айтсақ, қазір мүгедек балалардың небәрі 25 проценті ғана мекепте оқиды. Соңғы жылдарда еліміздегі мүгедек балаларға арналған кәсіби білім ошақтарының саны 30 процентке азайды. Жуырда Алматыда сал дертіне шалдыққан балаларға арналған мектеп пайдалануға беріледі. Ғимарат мүгедек балалардың жүріп-тұруына өте қолайлы арнайы пандустармен жабдықталған. Бұл мектепті салу жұмыстары 10 жылға созылды. Ал бұдан былай осындай жаңа мектептер қашан пайда болатынын ешкім дөп басып айта алмайды.
Ауған соғысы мүгедектері қоғамының төрағасы Сергей Махашевтың айтуынша, ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектері үшін соңғы жылдарда дәрігерлік көмек алу қиындық тудыруда. Осыдан бірнеше жыл бұрын ТМД елдері Ауған соғысының ардагерлеріне арналған сауықтыру орталықтарын құру туралы үкіметаралық келісімге қол қойған. Бұл орталықтар ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектерін дәрігерлік, психологиялық және еңбекпен сауықтыру жұмысымен айналысуы тиіс . «Бұл келісім Ресей, Украина және Беларусьте қолданысқа енгізілді, ал Қазақстанда бұл бағытта ештеңе де істелген жоқ»,- деді С.Махашев.
Ресми мәліметтерге сәйкес, қазір елімізде 350 мыңдай мүгедектер бар. Бұл сан жыл сайын 6 мыңға арта түсуде. Қоғамдық ұйымдардың өкілдері осы орайда басқа елдерде қабылданған мүгедектерге арнайы көмек көрсету жөніндегі бағдарламалар туралы әңгімелеп, дәл осындай құжаттар жуық арада Қазақстанда да қабылданады дегенге үміт білдірді.