Мұғалім қызметіне қойылатын талап күшейеді – Білім министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұғалім қызметіне қойылатын талап күшейеді – Білім министрі

Мұғалім қызметіне қойылатын талап күшейеді – Білім министрі

Мұғалім қызметіне қойылатын талап күшейеді. Бұл туралы бүгін  Үкімет отырысында «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын таныстырған ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

  • 27 Тамыз 2019
  • 61
Фото - Caravan.kz

«Педагог мәртебесі арттыру арқылы мұғалімнің қызметіне қойылатын талаптар да күшеймек. Сондықтан заң жобасына сәйкес, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап университет түлектері педагог біліктілігіне сәйкестігін растайтын болады. Сонымен қатар қолданыстағы шектеулерден басқа психикалық және мінез-құлықтық ауытқуы бар, әрекетке жарамсыздығына байланысты дәрігердің бақылауында тұрған адамдарды педагог қызметімен айналысуға тыйым салынады», — деді Асхат Аймағамбетов.

Оның атап өтуінше, мұнан бөлек қосымша заң жобасында жетім балалар мен ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру бойынша коммерциялық емес ұйымдарды енгізу, Президенттің құзіреттілігінен ұлттық жоғары оқу орындарының ректорларын тағайындау жөніндегі өкілеттіктерді Үкіметке беру және басқа да шаралар көзделді.