"Мұғалім Тik tok түсіру арқылы оқушыны сабаққа қызықтыра ала ма": Тиктокер ұстаздар жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 518.81
  • 596.27
+35 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мұғалім Тik tok түсіру арқылы оқушыны сабаққа қызықтыра ала ма":  Тиктокер ұстаздар жауап берді

"Мұғалім Тik tok түсіру арқылы оқушыны сабаққа қызықтыра ала ма": Тиктокер ұстаздар жауап берді

Толықтай цифрлық уақытта, яғни 2010 жылдан бері қарай дүниеге келген балаларды альфа-ұрпақ деп атап жатады.  Ғалымдар бұл ұрпақ тәрбиеде, білім беруде өзгеше қарым-қатынасты қажет ететінін алға тартады.

  • 10 Тамыз 2023
  • 558
Фото - Caravan.kz

Бүгінде ұстаздар, әсіресе жас мамандар осы болмысы бөлек жаңа ұрпақты білімге қызықтыру мақсатында әлеужелімен дос болып, жұлдыз болудан тартынбайды.

Сондай жас маманның бірі – математика пәнінің мұғалімі, Тik tok желісінде 41 мың фолловеры бар Бекзат Сұлтан. Тиктокер мұғалімнің негізгі контенті — оқушыларымен трендтегі және әзіл-қалжың бағытындағы видеолар түсіру. Бекзат Бауыржанұлының видеолары жүздеген мыңнан бастап 2-3 миллионға дейін қаралым жинайды. Видеолардан мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы жақсы екенін, екі тараптың бір-бірінен қысылмайтынын байқауға болады. Жас мұғалімнің өзі шәкірттерімен Тik tok түсіру осыдан  түсіру 3 жыл бұрын басталғанын айтады.

«Мен ұстаздық қызметімнен бөлек, өзім негізін қалаған демалыс орталығында 2020 жылдан бастап гитарадан сабақ беремін. Мектепке жұмысқа кірмей тұрып, Тik tok-ты сол жақтағы оқушылармен түсіріп бастадым. Шәкірттерім трендегі видеоларды бірге түсіруге ұсыныс жасады. Мен келісіп, бірінші рет Ninety one тобының әніне билеп видео түсірдік. Оқушыларыма ешқандай барьерсіз, стереотиптерсіз ұстазымен бірге бір толқында болу ұнайтын. Осылайша бірге видео түсіру өзара қарым-қатынасымызға жақсы әсер етіп, оқушыларым ашыла бастады.  Бірақ,  ол кезде  түсірген видеоларымыз қазіргідей просмотр жинамайтын», — дейді ол.

Сондай-ақ, оқушыларымен бір толқында болуды ұнататын жас мұғалім шәкірттерімен

бірге Тik tok түсіру сабақ барысына жақсы әсер етпесе, зиянын тигізбейтінін айтады.

«Қазір оқушыларда оқуға деген құлшыныс өте азайып бара жатыр. Олардан оның себебін сұрасаң 90% апайлар қатал, ұрыса береді, бізді түсінбейді деп жауап береді. Ал оларды түсінуге тырысу, қызығушылықтарына құрметпен қарау екеуара қарым-қатынасқа жақсы әсер етеді. Видео түсіру арқылы балалардың харизмасы дамып, комплекстерінен де арылып, сенімділіктері артып жатыр деп айта аламын. Ал, өзіне сенімді адам болашақта үлкен белестерді бағындырары анық. Мен негізі сабаққа келгенде талапшыл ұстазбын. Конфликт болып жатса, сөйлесу арқылы шешуге тырысамын. Бірақ, бас салып айқайлай бермеймін. Менен кейін кейбір мұғалімдердің Тik tok-қа қызығушылығы арта бастады. Мысалы, мектебіміздегі бастауыш сынып мұғалімдері сабақтан тыс уақытта балалармен видео түсіріп бастады. Ол кісілер біз секілді жас емес, бірақ,  бұл дүниенің бала тәрбиесіне, білім беру процесіне оң әсері болатынын байқады »,  — дейді Бекзат Бауыржанұлы.

Жас маман шәкірттерінің еркелеп, еркінсіп кететін кездері болатынын да жасырмады.


«Негізі оқушылардың еркінсіп кететін кездері де болады. Кейбір оқушылар өздері түскен видео 2-3 миллион просмотр жинаған кезде өзгере бастайды. Мен болмасам бұл видео мұндай просмотр жинамайтын еді деп ойлайды. Бірақ мен  ол кезде сол оқушыларды видеоға түсірмей, бірінші орында сабақ екенін айтамын. Ал видеоны басқа сыныптың оқушысымен түсіремін. Ол видео да жақсы қаралым жинағанда жаңағы оқушы аспаннан  түседі», — дейді ол.

Тиктокер ұстаз алдағы оқу жылында ойын-сауық бағытында ғана емес, салмақты тақырыптарға да видео түсіруді жоспарлап отырғанын айтты.

«Негізі мен әу баста Instagram, Tik tok, You Tube  платформаларында математика пәнінен ақпараттық-танымдық бағыттағы контент ұснынамын деп ойлағанмын. Бірақ, қазір адамдарға «ақылды» дүниелер ұнамайтынын, өтімсіз екенін  түсіндім. Сол үшін қаралым алып келетін, охватты көтеретін видеоларды көп түсірдім. Осы оқу жылынан  бастап ақпараттық-танымдық бағыттағы видеоларды түсіруді қолға алмақпын. Ал оқушыларыммен әзіл, тренд бағытында түсіретін видеоларымыз тоқтамайды», — дейді Бекзат Сұлтан.

Ал, 30 жыл бойы ұстаздық етіп келе жатқан  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Лариса Сәркеқызы бірге Tik tok  түсіру арқылы баланың оқуға деген  қызығушылығын арттыруға болады дегенмен келіспейтінін, білім берудің классикалық форматын құп көретінін айтады.

“Мен Тik tok әлеуметтік желісіне тіркелмегенмін. Сондықтан бұл желіні көремін, пайдаланамын деп айта алмаймын. Оқушылармен Тik tok түсіруге келсек, оны не мақсатта түсіретінін де білмеймін, түсінбеймін. Егер видео пайдалы болса, пән тақырыбына байланысты болып, сабақ өту процесіне кері әсер етпесе түсіруге болатын шығар. Ал, ойын-күлкі, әзіл форматында болса, керек емес. Меніңше, заман талабы деп шектен шықпау керек. Ұстазымен билеп, ойнап Тik tok түсірген оқушының еркінсіп, ойы бөлініп, мұғалімді тыңдамай кетпеуіне кім кепіл?! Менің ойымша барлығы тәртіппен, орынды болу керек. Сабақ уақытында бекітілген ережелер мен тәртіпке сай сабақ өтілу керек. Оқушы Тik tok-ты достарымен-ақ түсірсін», — дейді ол.