Қазақстанда мұғалімдердің кәсіби мерекесі атап өтілетін күн бекітілді, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
5 қазанда мұғалімдердің кәсіби мерекесі – Мұғалімдер күні аталып өтіледі. Қаулыны Үкімет қабылдады.
"Мемлекеттік мерекелер тізіміне сәйкес, республикада Мұғалімдер күні осы уақытқа дейін қазанның бірінші жексенбісінде тойланып келді. Енді бұл мереке 5 қазанда әлемнің 100-ден аса елі атап өтетін Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен сәйкестендірілді", — делінген Үкімет сайтында.
"Мұғалімдер күні – білім беру саласындағы қызметкерлердің барлығына ортақ кәсіби мереке. Бұл күні ұстаздар қауымының қоғам дамуындағы рөлі мен еңбегі, оған қосатын зор үлесі аталып өтіледі", — делінген хабарламада.