Мұғалімдерге ағылшын тілі кезең-кезеңімен оқытылады – БҒМ - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұғалімдерге ағылшын тілі кезең-кезеңімен оқытылады – БҒМ

Мұғалімдерге ағылшын тілі кезең-кезеңімен оқытылады – БҒМ

Елімізде үштілді білім беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін ҚР Білім және ғылым министрілігі мұғалімдерді 2019 жылға дейін оқытады. Б

  • 2 Қараша 2016
  • 718
Фото - Caravan.kz

Елімізде үштілді білім беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін ҚР Білім және ғылым министрілігі мұғалімдерді 2019 жылға дейін оқытады.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «Жаңартылған білім мазмұны мен 12 жылдық білім беруге көшу» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаменті директорының орынбасары Зейнеп Мақсұтова мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«75 мұғалім ағылшын үйреніп жатыр. Қайталап айтамын, курстың ұзақтығы ұстаздың ағылшын тілін қаншалықты деңгейде білетіндігіне байланысты болмақ. Кейін олар өз біліктілігін одан әрі жетілдіреді. Біз мұғалімдерге ағылшын тілін кезең-кезеңімен оқытамыз. Арнайы жоспар бар. Бір мектепке қанша ұстаз қажеттігін қарастырып жатырмыз. Мұғалімдерді 2019 жылға дейін оқытамыз. 75 ұстазбен жұмыс тоқтап қалмайды», — деді ол.

Естеріңізге салайық, елімізде үштілді білім беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін ҚР Білім және ғылым министрілігі мен Professional Development Centre компаниясы арнайы пилоттық жобаны қолға алғандығы туралы жазған болатынбыз. Алдағы уақытта 3 қаладағы 75 ұстаз ағылшын тілін жетік меңгереді.


Айта кетейік, елімізде 2019 жылдан бастап үш тілде білім беру жүйесі енгізіледі.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 76,79, 86 қадамдары бойынша тек жоғары сыныптар үш тілде оқытылады. 10-11 сынып оқушылары ағылшын тілінде оқиды. Оларға 4 пән беріледі. Оқушылар екі сабақты таңдап алуға құқылы. Олар – химия, биология, физика, информатика пәндері. Таңдау оқушының болашақ мамандығына байланысты болмақ.