Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы қоғам қайраткері Оразгүл Асанғазының instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Мұхамеджан Тазабеков Ұлттық арнаға отбасы құндылықтарын насихаттайтын, көрерменге берері бар бағдарлама әзірлеп жатыр екен. Соның ішінде ұл тәрбиесіне қатысты тұшымды пікір, келелі ой айттық", — деп жазды ол.
Тазабековтың Ұлттық арнадан бағдарламаға ашқанын білген журналист Дина Елгезек бұл іске қапалы.
"Мұхамеджан Тазабеков ұлттық арнадан арнайы хабар ашыпты! “Асыл арнадан” ертелі кеш Бекболат екеуінің “лұғатын” тыңдайтынымыз аз еді. Енді күнде ұлттық арнадан Тазабековтың тәлімінен сусындаймыз", — деп жазды Facebook желісіндегі парақшасына.