Ораз Әлімбек Мұхамеджан Тазабекпен тіресетін теңеу таппады, деп жазды Caravan.kz медиа порталының тілішісі.
Ол өз бетінше сайлауға түсетіндер деп теңеу жасап, болжап, саралап көрді.
"Мұхамеджанмен тіресетін тағы кім бар? Арман Шораев, Мұхтар Тайжан, Ермұрат Бапи, Ерлан Саиров, Айдос Сарым, Жанарбек Әшімжан… «Сыразу» айту салайық, ашық саяси додада олардың ешқайсысы Тазабековтің «тырнағына татымайды». Бұл Мұхамеджанды көзсіз көтермелеу емес, басқаны жөнсіз тұқырту емес. Бұл — қазақ саяси аренасындағы қазіргі жағдайды сараптаған анализдің шынайы қорытындысы.
Қайрат Жолдыбай мен Мұхамеджан Тазабеков Мәжіліс сайлауына түссе, кім жеңеді?
Мұхамеджан Тазабеков жалғыз емес. Оның Рахат Жақсыбай (Жақсы.кз), Азамат Битан (Намыс.кз), Мұрат Есжан (зікіршілерді талқандаған «Ақиқат» деректі фильмінің авторы), Өркен Кенжебек, Тимур Бектұр және тағы басқа қырандай қомданған білікті медиа мамандары бар. Үлкен ғимараттың екі этажына толып отырған ІТ мамандардың атын атап, түсін түстеп түгендеп жатпаймыз.
Мұхамеджан Тазабековтің өзі де, оны қолдай кететін эстрада, айтыс, шоу майталмандары да қаражаяу емес. Мысалы, Мұхамеджанның ТәлімТВ ютуб арнасына арнайы жазылғандардың саны 1,5 млн-ға жуық, жазылмай көретін қаншама адам бар. Тазабековтің әлеуметтік желідегі бір парақшасына 2 млн-ға жуық адам жазылған. Басқасын тағы да айтып жатпаймыз. Мұхамеджан осы ресуртың өзін ғана жұмылдарғанда Қайрат Жолдыбайды қиралаңдатып жарты жолда шөңкитіп тастап кетеді.
Ал, Мұхамеджанды қолдайтын эстрада-айтыс-шоу жұлдыздарының санынан жаңыласың. Мысалы, Айнұр Тұрсынбаеваның әлеуметтік желідегі бір ғана парқшасына жазылғандар саны 4,1 млн, Қайрат Нұртас — 6,7 млн, Төреғали Төрәлі -3,7 млн, Ерке Есмахан -7,7 млн, Нұртас Адамбаев — .., осылай-осылай кете береді. Бұлардың бәрі Мұхамеджанның бір ауыз сөзіне тоқтайды, «сайлау кампанияма қосыл» десе, ешқайсысы бас тартпайды. Себебі, олардың бәрі болмаса да, түгелге жуығы Мұхамеджанды қолдайтын алып жамағаттың есебінен бизнес жасап жүр (мақалаға қатысты басқа да дәлелді коммент алаңына қоямын).
Қазір, тіпті, Бекболат Тілеуханды қоспай, Мұхамеджан Тазабековтің өзін жеке қарастырсақ, оны жүйелеген алып саяси партиядан жоғары қоюға болатын шығар. Осы тұрғыдан қарасақ, Қайрат Жолдыбай бүткіл ресурсын жинап, өзінің үгіт-наситына «Республика» мен «Байтақ» партиясын қосса да, Мұхамеджан Тазабековті жеңе алмайды. Тіпті экс-спикер Қошанов (Қосанов емес) билік партиясы аталатын «Аманаттың» қолдауымен бірмандатты округте Тазабековпен саяси тайталасқа түссе, шаң қауып қалады. Әрине, таза, ашық, әділ сайлау өтсе…
Мұхамеджан Тазабековтің саяси әлеуетін Ақ орданың идеологы сезіп-біліп отыр. Тазабековті саясат аренасында «ойнату» керек пе, жоқ па? Тазабековтің электораты қозып кетсе, мұның арты не болады? Бұл Ақ орда үшін кесімді жауабы жоқ қиын сұрақ", деп жазды.
"Мұхамеджан мәжіліске барса әйелдер туралы айтып, әріптестерінің миын ағызып жіберер көк қырт қой ол таза", "Қайрат Жолдыбай мен Мұхамеджанды салыстыруға болмайды. Қайрат — ғалым. Мұхамеджан діннің жолында қарадай жүріп адасып жүрген, дұрыс жолға енді түскен біреу ғой. Қалай оларды қатар қоюға болады?", деп жазды оқырмандар.