Боб Ганнелдің айтуынша, Мұхаммед Әли өзінің жерлеу ғұрпын он жыл бұрын жоспарлап, қоштасу рәсімі "өзі қалай өмір сүрсе, соны көрсететіндей" барлық нәсіл мен мен дін өкілдеріне ашық болғанын қалаған. 10 маусымда өтетін ресми қоштасуда ислам, иудей, христиан және мормон конфессиялары өкілдері сөйлейді. Қоштасуға сонымен қатар Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған, Иордания королі Абдулла ІІ мен АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтон қатысады.
Мұхаммед Әли 3 маусымда 75-жасқа қараған шағында АҚШ-тың Аризона штатындағы Феникс қаласының ауруханасында дүниеден өтті. Ол ондаған жылдар бойы Паркинсон дертімен ауырды.
Ол күні бүгінге дейін бокс тарихында ауыр салмақта үш мәрте әлем чемпионы атанған жалғыз адам. Мұхаммед Әли рингте өткізген 61 жекпе-жектің 56-сында жеңіске жетіп, оның 37-ін нокаутпен ұтқан.